2 сыбағаға арналған ингредиенттер:
- Портобелло саңырауқұлағы 200 г / 2 дана
- Бұрыш 3 г
- Прованс шөптері ½ шай қасық
- Тұз 8 г
- Бас пияз 20 г
- Зәйтүн майы 3 г
- Сарымсақ 10 г
- Мұздатылған шпинат жапырақтары 60 г
- Фета ірімшігі 35 г
Дайындау:
- Саңырауқұлақтардың сабақтарын алып тастап, қалпақшаларының ішкі жағына тұз бен бұрыш себіңіз және аздап зәйтүн майын бүркіңіз. 15 минутқа қалдырыңыз.
- Пиязды жарты сақина етіп турап, тостағанға салыңыз. Ұсақталған сарымсақты, жібітілген және сығылған шпинатты, тұзды, бұрышты, зәйтүн майын қосып, барлығын араластырыңыз.
- Саңырауқұлақтарды аударып, бөлінген сұйықтықты төгіп тастаңыз. Саңырауқұлақтарды қағаз сүлгімен ақырын құрғатуға болады.
- Салманы саңырауқұлақ қалпақшаларының ішіне салыңыз. Тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
- Фета ірімшігін шағын текшелерге бөліп тураңыз. Саңырауқұлақтардың үстіне ірімшік сеуіп, дисплейде көрсетілген уақытқа сәйкес пісіруді жалғастырыңыз.
Шпинат қосылған Портобелло