2 сыбағаға арналған ингредиенттер:
- Портобелло саңырауқұлағы 200 г / 2 дана
- Бұрыш 1 г
- Прованс шөптері ½ шай қасық
- Тұз 6 г
- Бас пияз 20 г
- Зәйтүн майы 3 г
- Сарымсақ 15 г
- Черри қызанағы 120 г
- Моцарелла ірімшігі 35 г
Дайындау:
- Саңырауқұлақтардың сабақтарын алып тастап, қалпақшаларының ішкі жағына тұз бен бұрыш себіңіз және аздап зәйтүн майын бүркіңіз. 15 минутқа қалдырыңыз.
- Пиязды жарты сақина етіп турап, тостағанға салыңыз. Ұсақталған сарымсақты, қақ бөлінген черри қызанағын, тұзды, бұрышты, зәйтүн майын қосып, барлығын араластырыңыз.
- Саңырауқұлақтарды аударып, бөлінген сұйықтықты төгіп тастаңыз. Саңырауқұлақтарды қағаз сүлгімен ақырын құрғатуға болады. Салманы саңырауқұлақ қалпақшаларының ішіне салыңыз. Тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
- Моцарелланы шағын текшелерге бөліп тураңыз. Саңырауқұлақтардың үстіне ірімшік сеуіп, дисплейде көрсетілген уақытқа сәйкес пісіруді жалғастырыңыз.
Қызанақ қосылған Портобелло