Ингредиенттер:
- Тауық сүбесі 130 г
- Пармезан ірімшігі 40 г
- Панко кептірілген нан ұнтағы 30 г
- Жұмыртқа 1 дана
- Тұз 2 г
- Бұрыш 1 г
- Майоран 3 г
- Прованс шөптері 2 г
- Жас сарымсақ 3 г
Дайындау:
- Тауық сүбесін тағамдық үлдірмен жауып, аспаздық балғамен ақырын ұрғылаңыз. Содан кейін тұз, бұрыш, дәмдеуіш шөптер мен ұсақталған сарымсақ себіңіз.
- Жұмыртқаны шайқаңыз, ал ірімшікті үккіштен өткізіңіз. Сүбені шайқалған жұмыртқаға батырып, үгітілген пармезан қосылған панко кептірілген нан ұнтағына аунатыңыз.
- Пергамент қағазы төселген пісіру табағына қойып, тұмшапешке салыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Панко ұнтаққа аунатып пармезан қосылған тауық еті