Ингредиенттер:
- Батат (тәтті картоп) 220 г / 1 дана
- Камамбер ірімшігі 60 г
- Грек жаңғағы 20 г
- Тұз бір шымшым
- Эстрагон бір шымшым
- Өсімдік майы 3 ас қасық / жағу үшін
- Майдағы кептірілген қызанақ 50 г
- «Филадельфия» типті крем-ірімшік 60 г / 1 ас қасық
Дайындау:
- Жуылған, қабығы аршылмаған бататты ұзынынан қақ бөліп, пергамент қағазы төселген пісіру табағына кесілген жағын төмен қаратып қойыңыз. Қабығына өсімдік майын бүркіп, тұз бен бұрыш себіңіз. Тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
- Жаңғақты ұсақтаңыз, кептірілген қызанақты тілімдеп тураңыз, екі ингредиентті крем-ірімшікпен араластырып, эстрагон қосыңыз. Піскен бататты тұмшапештен шығарып, аударыңыз да, қабығын бүлдіріп алмауға тырысып, жұмсағын шанышқымен ақырын езіңіз. Салманы бататқа біркелкі жайып, туралған камамберді қойыңыз да, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіруді жалғастырыңыз.
Грек жаңғағы қосылған көмештелген батат