Грильде қуырылған сиыр антрекоты

  • 13 min
  • Meat - Beef
AI AI

2 сыбағаға арналған ингредиенттер:

  • Сиыр антрекоты 267 г / 1 тілім
  • Қызанақ 60 г / 2 тілім
  • Баялды 66 г / 2 тілім
  • Тәтті бұрыш 47 г / 2 тілім
  • Бекон 51 г / 3 тілім
  • Прованс шөптері бір шымшым
  • «Лазур» ірімшігі 50 г
  • Тұз бір шымшым
  • Бұрыш бір шымшым
  • Зәйтүн майы 1 ас қасық

Дайындау:

  • Сиыр антрекотына зәйтүн майын жағып, пергамент қағазы төселген пісіру табағына қойыңыз. Қасына бекон тілімдерін салыңыз.
  • Көкөністерді қалыңдығы 1 см болатын тілімдерге тураңыз, тұз, бұрыш, көкшөп себіңіз, зәйтүн майын тамызыңыз және қалған ингредиенттердің қасына жайып салыңыз.
  • Тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
  • Пісуге бір минут қалғанда тұмшапешті ашып, ірімшікті еттің бетіне біркелкі жайып шығыңыз.

Бұл рецептті қалай бағалайсыз? Пікіріңізбен бөлісіңіз!

Пікіріңіздің арқасында рецепттерімізді үнемі жетілдіре аламыз.

Рецептте нені жақсартуға болатынын айтыңыз!

Пікіріңізге рақмет!

Пікіріңізге рақмет, асыңыз дәмді болсын!