Азиялық кәуап

  • 50 min
  • All in 1
AI AI

4 сыбағаға арналған ингредиенттер:

Шашлық

  • Шошқа етінің мойын бөлігі 580 г
  • Тұз 1,5 шай қасық
  • Бұрыш 1 шай қасық
  • Ақжелкен көкшөбі 4 г
  • Тәтті паприка 1,5 шай қасық
  • Ащы паприка ¼ шай қасық
  • Соя соусы 120 мл
  • Зімбір 55 г
  • Бас пияз 65 г
  • Сарымсақ 12 г

Бұлғұр

  • Бұлғұр 200 г
  • Су 400 мл
  • Тұз бір шымшым

Грильде пісірілген көкөністер

  • Бұрыш 80 г
  • Қызанақ 90 г
  • Бас пияз 30 г
  • Қызыл пияз 30 г
  • Цукини 30 г
  • Баялды 30 г
  • Өсімдік майы 3 ас қасық
  • Тұз бір шымшым
  • Бұрыш бір шымшым

Дайындау:

Шашлық

  • Етті көлемі 3х3 см болатын текшелерге турап, дәмдеуіштер мен соя соусында маринадтаңыз. Пияз, сарымсақ және зімбірді майдалап турап, етке қосып араластырыңыз. Бір сағатқа қалдырыңыз.
  • Осы уақыт өткен соң етті ағаш істіктерге тізіңіз. Пісіруге арналған қалыпқа салып, қалған маринадты үстіне құйыңыз.
  • Тұмшапешке тордың үстіне қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес бұқтырыңыз.

Бұлғұр

Бұлғұрға ыстық су құйып, тұз қосыңыз.

Қалыптың бетін қақпақпен немесе алюминий фольгамен жауып, тұмшапештегі терең пісіру табағына қойыңыз да, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.

Грильде пісірілген көкөністер

  • Көкөністерді қалыңдығы 1 см болатын тілімдерге кесіп, жалпақ пісіру табағына кезек-кезек орналастырыңыз. Дәмдеуіштер сеуіп, өсімдік майын бүркіңіз де, тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.

Бұл рецептті қалай бағалайсыз? Пікіріңізбен бөлісіңіз!

Пікіріңіздің арқасында рецепттерімізді үнемі жетілдіре аламыз.

Рецептте нені жақсартуға болатынын айтыңыз!

Пікіріңізге рақмет!

Пікіріңізге рақмет, асыңыз дәмді болсын!