2 сыбағаға арналған ингредиенттер:
- Сиыр антрекоты 267 г / 1 тілім
- Қызанақ 60 г / 2 тілім
- Баялды 66 г / 2 тілім
- Тәтті бұрыш 47 г / 2 тілім
- Бекон 51 г / 3 тілім
- Прованс шөптері бір шымшым
- «Лазур» ірімшігі 50 г
- Зәйтүн майы 1 ас қасық
- Батат (тәтті картоп) 210 г
- Жұмыртқа 1 дана
- Тұз ½ шай қасық
- Бұрыш ½ шай қасық
- Бидай ұны 15 г
Дайындау:
- Сиыр антрекотына зәйтүн майын жағып, пергамент қағазы төселген пісіру табағына қойыңыз. Қасына бекон тілімдерін салыңыз.
- Тәтті картоптан (батат) басқа барлық көкөністерді қалыңдығы 1 см болатын тілімдерге тураңыз, тұз, бұрыш, көкшөп себіңіз, зәйтүн майын тамызыңыз және қалған ингредиенттердің қасына жайып салыңыз.
- Аршылған бататты ірі үккіштен өткізіңіз, жұмыртқа, ұн, тұз, бұрыш, көкшөп қосып, біркелкі масса алынғанша араластырыңыз. Массаны екі бөлікке бөліңіз, екі котлет жасап, оларды зәйтүн майы тамызылған пергамент қағазына ет пен көкөністердің қасына қойыңыз.
- Тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Құймақ қосылған сиыр етінен антрекот