5 сыбағаға арналған ингредиенттер:
Картоп қосылған бекон
- Тілімделген бекон (қалыңдығы шамамен 1 см) 0,7 кг
- Қаймақ 200 мл
- Ұсақ картоп 0,5 кг
- Жас ақжелкен 1 шағын бума
- Тұз 1 шай қасық
- Жаңа тартылған қара бұрыш ½ шай қасық
Карамельденген брюссель қырыққабаты
- Брюссель қырыққабаты 250 г
- Бал 1 ас қасық
- Өсімдік майы 2 ас қасық
- Тұз бір шымшым
- Бұрыш бір шымшым
- Су 100 мл
Дайындау:
Картоп қосылған бекон
- Пергамент қағазы төселген жалпақ пісіру табағының ортасына беконды бір-бірінің үстіне бастыра, ал шет-шетіне картопты тізіп шығыңыз. Бір тілім келесі тілімді жартылай ғана жауып тұруы керек: осылайша бекон әрі қытырлақ, әрі нәзік жұмсақ болып біркелкі піседі. Бекон мен картопқа тұз және қара бұрыш себіңіз. Тостағанда қаймақты ұсақталған ақжелкенмен араластырып, тұз бен қара бұрыш себіңіз.
- Тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Дайын картоп пен бекон тілімдерін тәрелкеге салып, үстіне қаймақты тұздықты құйыңыз.
Тазартылған брюссель қырыққабатын ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз.
Карамельденген брюссель қырыққабаты
Тұз бен қара бұрыш сеуіп, су құйыңыз және қақпағын жабыңыз. Дисплейде тиісті хабарлама пайда болған кезде қақпақты ашып, суын төгіңіз, қырыққабатқа бал мен өсімдік майын құйып, пісіруді жалғастырыңыз. Тұмшапешке тордың үстіне қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес дайындаңыз.
Картопты бірге пісіру оған беконның шырынды май дәмін сіңіруге мүмкіндік береді.
Картоп қосылған көмештелген бекон