10 сыбағаға арналған ингредиенттер:
- Құрғақ ақ үрмебұршақ 500 г
- Томат пастасы 4 ас қасық
- Бас пияз 300 г
- Сарымсақ 7 тісше
- Лавр жапырағы 4 дана
- Хош иісті бұрыш 3 дана
- Ащы шұжық 220 г
- Ысталған бекон 70 г
- Тұз 3 шай қасық
- Бұрыш 1 шай қасық
- Тәтті паприка 3 шай қасық
- Ащы паприка 1 шай қасық
- Өсімдік майы 100 мл
- Шошқаның шикі сан еті немесе шошқа мойын еті 900 г
- Кептірілген тимьян 1 шай қасық
- Су 1,2 л
Дайындау:
- Үрмебұршақты жылы суға салып, 3 сағатқа қалдырыңыз. Осы уақыт өткен соң лавр жапырағымен және хош иісті бұрышпен бірге қайнауға дейін жеткізіңіз.
- Етті 3х3 см көлеміндегі текшелерге бөліп турап, барлық дәмдеуіштерді қосыңыз, өсімдік майын құйып, араластырыңыз. Пияз бен сарымсақты ұсақтап, етке қосыңыз. Бекон мен шұжықты шағын кесектерге бөліп турап, оларды етпен араластырыңыз.
- Ыстыққа төзімді кәстрөлге немесе пісіруге арналған терең қалыпқа үрмебұршақтың жартысын, ет пен қалған ингредиенттерді және үстіне қалған үрмебұршақты салыңыз.
- Үрмебұршақ қайнатпасын томат пастасымен араластырып, тағам толығымен сұйықтықпен жабылатындай етіп қалыпқа құйыңыз. Қайнатпа толығымен сыймауы мүмкін. Пісіру кезінде қалған қайнатпаны қосып отырыңыз.
- Қақпақпен жауып, тұмшапешке қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Кассуле (Cassoulet)