10 сыбағаға арналған ингредиенттер:
Холишкес
- Қойдың майсыз тартылған еті 1 кг
- Пісірілген ұзын дәнді күріш 600 г
- Кептірілген өрік (өрік қағы) 110 г
- Пияз 2 дана
- Сарымсақ 4 тісше
- Су 3 ас қасық
- Қырыққабат жапырақтары 20 дана
- Тұз 2 шай қасық
- Жаңа тартылған қара бұрыш ½ шай қасық
- Жұмыртқа 2 дана
- Тәтті паприка 2 шай қасық
- Жас аскөк 1 шағын бума
- Тұздық:
- Ұсақталған қызанақ / қызанақ езбесі 600 г
- Пияз 2 дана
- Мусковадо қамыс қанты 3 ас қасық
- Лимон шырыны 2 ас қасық
- Қызыл шарап 100 мл
- Даршын бір шымшым
- Тұз бір шымшым
- Жаңа тартылған қара бұрыш бір шымшым
- Мейіз бір уыс (қалауыңыз бойынша)
Птитим (інжу тәрізді кускус)
- Птитим (інжу тәрізді кускус) 500 г
- Су 1 литр
- Заатар 3 шай қасық
- Тұз 1 шай қасық
- Бұрыш бір шымшым
Циммес - құрма қосылған сәбіз
- Сәбіз 1 кг
- Құрма 150 г
- Қант 3 ас қасық
- Бал 3 ас қасық
- Мейіз 200 г
- Таяқша даршын 4 дана
- Су 200 мл
- 2 апельсиннің қабығы
Дайындау:
Холишкес
- Тостағанға қой еті мен күрішті салып, 1 шай қасық тұз, қара бұрыш және тәтті паприка қосыңыз. Ұсақтап туралған өрік қағын, пияз, аскөк пен сарымсақты салыңыз. Жұмыртқаны сумен былғап, тартылған етпен араластырыңыз.
- Қырыққабат қауанының өзегін ойып алып тастаңыз. Үлкен кәстрөлдегі суды қайнатып, қырыққабат жапырақтарын бірнеше минут бланширлеңіз. Кәстрөлден алып, сыртқы жапырақтарын қабаттап ажыратыңыз; осы әдіспен шамамен 20 жапырақ дайындап алыңыз.
- Тартылған еттен үлкен жұмыртқадай сопақша котлеттер жасаңыз. Әрбір қырыққабат жапырағына салмасын салып, бүктеп ораңыз. Орамшаларды (голубцы) ыстыққа төзімді ыдыстың түбіне тізіп қойыңыз.
Тұздығын дайындау: пиязды аршып, қалың тілімдермен тураңыз, қалған ингредиенттермен араластырыңыз. Тағамның үстіне тұздықты құйыңыз.
Ыдыстың қақпағын жауып, тұмшапеш торына қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Птитим (інжу тәрізді кускус)
Жарманы ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз, тұз, қара бұрыш және заатар қосып, барлығын араластырыңыз.
Ыстық су құйып, терең пісіру табағына қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес дайындаңыз.
Циммес - құрма қосылған сәбіз
- Сәбізді аршып, дөңгелектеп тураңыз және жалпақ пісіру табағына салыңыз.
- Қант пен бал ерітілген суды құйып, мейіз, құрма, апельсин қабығы мен даршын таяқшаларын қосыңыз.
- Тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Холишкес