4 сыбағаға арналған ингредиенттер:
Тауық
- Зәйтүн майы 4 ас қасық
- Жас розмарин 40 г
- Тауықтың төс еті 2 дана / 600 г
- Сарымсақ 4 тісше
- Ысталған бекон тілімдері 300 г
- Қара бұрыш бір шымшым
- Тұз бір шымшым
- Тапенада:
- Анчоус 3 сүбе
- Жасыл зәйтүндер 40 г
- Сарымсақ ½ тісше
- Каперстер 2 шай қасық
- Зәйтүн майы 5 мл
- Қара бұрыш бір шымшым
Чоризо мен ірімшік қосылған тортилья де пататас
- Пісірілген картоп 0,5 кг
- Қой сүтінен жасалған ірімшік 100 г
- Қара зәйтүндер 50 г
- Чоризо шұжығы 100 г
- Жұмыртқа 6 дана
- Сары май 1 шай қасық
- Ақжелкен көкшөбі 1 байлам
- Тұз ½ шай қасық
- Қара бұрыш ¼ шай қасық
Тұмшапеште пісірілген қызанақтар
- Таңқурай түсті черри қызанақтары 600 г / 6 бұтақша
- Зәйтүн майы 3 ас қасық
- Тұз бір шымшым
- Бұрыш бір шымшым
Дайындау:
Тауық
- Сүйегі алынған зәйтүндерді, каперстерді, анчоустарды, сарымсақты, зәйтүн майы мен қара бұрышты блендерде біртекті қоймалжың болғанша ұсақтаңыз.
- Тауық төс етін ұзынынан тіліп, қалташа жасаңыз. Қалташаның ішіне аздап қара бұрыш сеуіп, тапенада пастасын толтырыңыз. Турау тақтасына шамамен 4-5 тілім беконды бір-бірінің үстіне бастыра жайып, тауықтың төс етін ораңыз. Әрбір қалташаны осылай дайындаңыз.
- Таяз, ыстыққа төзімді қалыпқа зәйтүн майын құйып, түбіне жас розмарин жапырақтарын себіңіз. Содан соң тауық орамаларын салып, бетіне розмарин мен ұсақталған сарымсақ себіңіз.
Жалпақ пісіру табағына қойып, тұмшапешке салыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Чоризо мен ірімшік қосылған тортилья де пататас
Пісірілген картоп пен чоризоны дөңгелектеп тураңыз.
Тостағанға жұмыртқаларды жарып, тұз бен қара бұрыш қосып, жақсылап шайқаңыз. Содан соң жұмыртқаға зәйтүндерді, қой сүтінен жасалған ірімшікті және ақжелкенді қосыңыз.
Пісіруге арналған қалыпқа сары май жағыңыз. Оған картоп пен чоризо тілімдерін кезектестіре тізіп шығыңыз. Жұмыртқа қоспасын құйыңыз.
Терең пісіру табағына қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес тұмшапеште пісіріңіз.
Тұмшапеште пісірілген қызанақтар
- Пісіруге арналған қалыпқа аздап зәйтүн майын құйып, черри қызанақтарын бұтағымен тізіп шығыңыз. Үстіне зәйтүн майын бүркіп, тұз бен қара бұрыш себіңіз.
- Тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Көмештелген тауықтың төс еті