6 сыбағаға арналған ингредиенттер:
Гуляш
- Шошқа етінің мойын бөлігі 800 г
- Сәбіз 150 г
- Майоран 2 шай қасық
- Балдыркөк 50 г
- Саңырауқұлақтар 100 г
- Бекон 50 г
- Қызыл шарап 100 мл
- Бас пияз 100 г
- Порей пиязы 80 г
- Тәтті паприка 1 шай қасық
- Ащы паприка 1 шай қасық
- Тұз 1 шай қасық
- Өсімдік майы 30 мл
- Лавр жапырағы 3 дана
- Хош иісті бұрыш 3 дана
- Зире бір шымшым
- Бұрыш ⅓ шай қасық
Қарақұмық жармасы
- Қарақұмық жармасы 270 г
- Тұз 1 шай қасық
- Сары май 15 г
- Су 540 мл
- Бас пияз 10 г
Ашытылған қырыққабат
- Ашытылған қырыққабат 530 г
- Тұз ½ шай қасық
- Бұрыш бір шымшым
- Лавр жапырағы 3 дана
- Хош иісті бұрыш 3 дана
- Су 400 мл
Дайындау:
Гуляш
- Етті шамамен 3х3 см көлеміндегі текшелерге тураңыз, содан кейін оны дәмдеуіштермен және өсімдік майымен маринадтаңыз.
- Етті ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз, текшелеп туралған көкөністерді, саңырауқұлақтарды, беконды қосыңыз және қызыл шарапты құйыңыз.
- Қалыптың бетін қақпақпен немесе фольгамен жабыңыз. Тұмшапештегі терең пісіру табағына қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес бұқтырыңыз.
Қарақұмық жармасы
Қарақұмық жармасын бөлек ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз, тұз қосыңыз және қайнаған су құйыңыз.
- Қалыптың бетін қақпақпен немесе фольгамен жабыңыз. Тұмшапешке тордың үстіне қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес дайындаңыз.
Дайындалғаннан кейін ұсақтап туралған пиязды сары майға қуырыңыз және оны дайын ботқаға араластырыңыз.
Ашытылған қырыққабат
- Ашытылған қырыққабатты ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз, қайнаған су құйыңыз, дәмдеуіштер қосыңыз және қақпақпен немесе фольгамен жабыңыз.
- Тұмшапешке тордың үстіне қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес бұқтырыңыз.
Саңырауқұлақ пен ботқа қосылған гуляш