Тыржыңқұлақ тұздығындағы қоян еті

  • 75 min
  • Meat - Other
AI AI

5 сыбағаға арналған ингредиенттер:

  • Бүтін қоян еті 1 кг
  • Тұз 2 шай қасық
  • Бұрыш ⅔ шай қасық
  • Ақжелкен көкшөбі 1 байлам
  • Жас тимьян 2 бұтақша
  • Зәйтүн майы 5 ас қасық
  • Кілегей 30% 300 мл
  • Бас пияз 300 г
  • Саңырауқұлақтар 320 г
  • Сарымсақ 4 тісше
  • Сары май 70 г
  • Жібітілген бүршікбас саңырауқұлағы (сморчки) 60 г
  • Құрғақ ақ шарап 200 мл
  • Саңырауқұлақ тұнған су 300 мл
  • Бидай ұны 3 ас қасық

Дайындау:

  • Бөлінген қоян етіне (алдыңғы сирақтары, артқы сирақтары, белі) тұз, бұрыш, ұсақталған тимьян мен сарымсақ сеуіп, аздап зәйтүн майын бүркіңіз.
  • Пиязды жартылай сақиналап тураңыз, ал саңырауқұлақтарды қақ бөліңіз.
  • Табаға өсімдік майын қыздырып, етті әр жағынан 3 минуттан қуырыңыз. Етті ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз.
  • Дәл сол табада туралған пияз бен саңырауқұлақты қуырыңыз. Сәлден соң жібітілген саңырауқұлақты, сары май мен ақ шарапты қосыңыз. Шарап буланғанша күтіп, ұн қосыңыз - бұл біркелкі әрі қою негіз (ру) алуға мүмкіндік береді.
  • Одан кейін саңырауқұлақ тұнған су мен кілегейді құйып, тұз бен бұрыш себіңіз. Дайын тұздықты еттің үстіне құйыңыз.
  • Қалыпты тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
  • Тағамның үстіне майдалап туралған ақжелкен сеуіп ұсыныңыз.

Бұл рецептті қалай бағалайсыз? Пікіріңізбен бөлісіңіз!

Пікіріңіздің арқасында рецепттерімізді үнемі жетілдіре аламыз.

Рецептте нені жақсартуға болатынын айтыңыз!

Пікіріңізге рақмет!

Пікіріңізге рақмет, асыңыз дәмді болсын!