6 сыбағаға арналған ингредиенттер:
Үйрек
- Үйрек сирақтары 6 дана (әрқайсысы шамамен 250 г-нан, барлығы 1,5 кг)
- Тұз 1 шай қасық
- Бұрыш ⅓ шай қасық
- Розмарин бірнеше бұтақша
- Сарымсақ 6 тісше
- Қаз майы 1 литр
Гратен запеканкасы
- Картоп 1,2 кг
- Кілегей 30% 300 мл
- Сарымсақ 1 тісше
- Сары май ½ шай қасық
- Үгітілген жартылай қатты ірімшік 80 г
- Пармезан 30 г
- Жұмыртқа 3 дана
- Тұз 1,5 шай қасық
- Бұрыш ¼ шай қасық
Балдыркөк пен алмадан жасалған езбе
- Балдыркөк 400 г
- Алма 200 г
- Кілегей 30% 200 мл
Дайындау:
Үйрек
- Үйрек сирақтарын ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз, жас розмаринді, тазартылған сарымсақ тісшелерін және ыстық қаз майын қосыңыз.
- Тұмшапештегі терең пісіру табағына қойып, дисплейдегі нұсқаулық бойынша дайындаңыз.
- Содан кейін еттің сорқуы үшін үйрек етін майдан (сүзгі көмегімен) шығарып алыңыз. Тек осыдан кейін тұз бен бұрыш себіңіз.
- Келесі конфи тағамдарына пайдалану үшін май мен сарымсақты салқын жерде сақтаңыз.
Гратен запеканкасы
Таяз ыстыққа төзімді қалыпты дайындаңыз. Оған жарты сарымсақ тісшесін ысқылап, содан кейін сары маймен майлаңыз.
Картопты аршып, мандолина үккішінің көмегімен қалыңдығы шамамен 1-2 мм болатын жұқа тілімдерге кесіңіз.
Қалыптың түбіне картоптың бірінші қабатын шамамен 1 см-дей бірінің үстіне бірін қабаттастыра салыңыз. Үстіне ірімшік себіңіз, аздап тұздаңыз, содан кейін картоптың тағы бір қабатын салыңыз да, қайтадан тұздап, ірімшік себіңіз. Қалған картопты дәл осылай қабаттап салыңыз. Үстіне қалған ірімшікті себіңіз.
Картоп тілімдеріне кілегей, жұмыртқа және пармезан қоспасын құйыңыз, содан кейін қалыпты қақпақпен немесе алюминий фольгамен тығыз жабыңыз.
- Тұмшапештегі жалпақ пісіру табағына қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Балдыркөк пен алмадан жасалған езбе
- Балдыркөк пен алманың қабығын аршып, оларды өлшемі шамамен 2х2 см болатын шағын кесектерге кесіңіз.
- Ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз, кілегей құйыңыз, қақпағын жабыңыз да, тұмшапештегі торға қойып, дисплейдегі нұсқаулық бойынша пісіріңіз.
- Уақыт өткен соң ыдысты тұмшапештен шығарып, ішіндегісін блендермен біркелкі езбе күйіне дейін езіңіз.
Қуырылған үйрек конфу