10 сыбағаға арналған ингредиенттер:
Шошқаның белдеме еті (корейка)
- Терісі бар шошқаның белдеме еті 1,8 кг
- Лавр жапырағы 5 дана
- Тұз 1 шай қасық
- Бұрыш ⅓ шай қасық
- Тәтті паприка 1 шай қасық
- Су шошқа белдеме еті биіктігінің ⅓ бөлігіндей
- Теңіз тұзы 2 шай қасық
Көкөністер
- Сәбіз 300 г
- Балдыркөк 300 г
- Ақжелкен тамыры 300 г
- Тұз бір шымшым
- Бұрыш бір шымшым
- Розмарин бір шымшым
- Сарымсақ 7 тісше
- Лимон ½ дана
Картоп езбесі
- Сары май 50 г
- Картоп 1,3 кг
- Кілегей 30% 200 мл
- Тұз 2 шай қасық
- Аскөк 2 шай қасық
Дайындау:
Шошқаның белдеме еті (корейка)
- Шошқаның белдеме етін ағынды салқын су астында мұқият жуып, қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Терісіне май қабатына дейін жететін, бірақ етті зақымдамайтындай терең тіліктер жасаңыз. Тіліктердің арасына лавр жапырақтарын қыстырыңыз. Етті бөлігіне тұз, қара бұрыш және паприка себіңіз. Ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз.
- Тұмшапешке тордың үстіне қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес бұқтырыңыз. Көрсетілген уақыт өткен соң белдеме етті абайлап, терісін жоғары қаратып аударыңыз, теңіз тұзымен жақсылап ысқылап, пісіруді жалғастырыңыз.
Көкөністер
Сәбіз бен ақжелкен тамырын ұзынынан, ал балдыркөкті қалың ұзынша сабан етіп тураңыз.
Ыстыққа төзімді қалыпқа немесе қалыптың төңкерілген қақпағына салыңыз.
Дәмдеуіштер сеуіп, өсімдік майы мен лимон шырынын құйыңыз.
Тұмшапештегі жалпақ пісіру табағына қойып, дисплейдегі нұсқаулық бойынша пісіріңіз.
Картоп езбесі
- Картопты 2х2 см етіп текшелеп турап, ыстыққа төзімді ыдысқа салыңыз, ыстық су құйып, тұз себіңіз және фольгамен жабыңыз.
- Тұмшапештегі пісіру табағына қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
- Піскен соң суын төгіп, сары май мен кілегей қосыңыз.
- Картоп езгішпен езбе (пюре) күйіне дейін жақсылап мыжыңыз. Дастарқанға ұсынар алдында ұсақталған аскөк себіңіз.
Көмештелген шошқа еті