2 сыбағаға арналған ингредиенттер:
Таңғы ас - Чоризо және қызанақ қосылып, тұмшапеште пісірілген рикотта.
- Зәйтүн майы 2 ас қасық
- Рикотта ірімшігі 250 г
- Сарымсақ 2 тісше
- Прованс шөптері бір шымшым
- Тұз бір шымшым
- Қара бұрыш бір шымшым
- Чеддер ірімшігі 60 г
- Черри қызанағы 200 г
- Бал 1 шай қасық
- Жас насыбайгүл 2 бұтақша
- Чоризо шұжығы 80 г
Түскі ас - Прошутто және халуми қосылған тауық орамалары
- Тауық сүбесі 300 г
- Шпинат жапырақтары 20 г
- Цукини 40 г
- Кептірілген қызанақтар 40 г
- Қызанақ 250 г
- Тұз бір шымшым
- Бұрыш бір шымшым
- Халуми ірімшігі 70 г
- Картоп 400 г
- Прованс шөптері бір шымшым
Кешкі ас - Парма ветчинасы мен спаржа қосылған фило қамырынан жасалған бәліш.
- Фило қамыры 5 парақ
- Спаржа 160 г
- Парма ветчинасы 50 г
- «Лазур» ірімшігі 50 г
- Камамбер ірімшігі 30 г
- Жұмыртқа 3 дана
- Кептірілген қызанақ 40 г
- Чили бұрышы 5 г
- Сарымсақ 2 тісше
- Тұз бір шымшым
- Бұрыш бір шымшым
- Сары май 1 ас қасық
Дайындау:
Таңғы ас - Чоризо және қызанақ қосылып, тұмшапеште пісірілген рикотта.
- Шағын ыстыққа төзімді қалыпқа зәйтүн майын жағып, рикоттаны салыңыз.
- Сарымсақты майдалап, тұз, жаңа тартылған бұрыш және прованс шөптерімен бірге ірімшікке қосыңыз. Барлығын шанышқымен ақырын езіңіз. Үстіне үгітілген чеддер себіңіз.
- Черри қызанағы мен чоризоны қақ бөліп, зәйтүн майымен және бір шымшым тұзбен араластырыңыз. Оларды қалыпқа рикоттаның қасына орналастырыңыз.
- Тұмшапештегі терең пісіру табағына қойып, дисплейдегі нұсқаулық бойынша дайындаңыз.
- Піскеннен кейін рикоттаға бал тамызып, жас насыбайгүл жапырақтарымен сәндеңіз.
Түскі ас - Прошутто және халуми қосылған тауық орамалары
Тауық сүбесін жұқалап тіліп, сәл ұрғылаңыз. Тұз бен бұрыш себіңіз. Халуми ірімшігін тілімдеп тураңыз.
Еттің әрбір тіліміне шпинат жапырақтарын, халуми ірімшігінің тілімін және кептірілген қызанақтарды салыңыз. Тығыз орама етіп ораңыз.
Аспаздық мандолинамен цукиниді жұқа жолақтап кесіп, олармен тауық орамаларын орап шығыңыз. Ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз.
Картоп пен қызанақты тілімдеп кесіп, тұз, бұрыш және дәмдеуіш шөптер қосыңыз. Қалыптың жиектеріне жайып салыңыз.
- Тұмшапештегі жалпақ пісіру табағына қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Кешкі ас - Парма ветчинасы мен спаржа қосылған фило қамырынан жасалған бәліш.
- Пісіру қалыбына сары май жағыңыз. Фило қамырының сәл мыжылған парақтарын қалыптың түбі мен ернеулерін толық жабатындай етіп төсеңіз.
- Қамырдың үстіне туралған спаржа, кептірілген қызанақ, парма ветчинасы, көк зеңді ірімшік пен камамбер тілімдерін, сондай-ақ ұсақталған чили бұрышы мен сарымсақты салыңыз.
- Барлығының үстіне шайқалған жұмыртқа құйып, қалыпты тұмшапештегі торға қойыңыз да, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Күн бойы мәзірі: етпен