2 сыбағаға арналған ингредиенттер:
- Тауық сүбесі 470 г / 2 дана
- Зәйтүн майы ¼ стақан
- Лимон 1 дана
- Лайм 1 дана
- Жас орегано ½ ас қасық
- Бұрыш бір шымшым
- Тұз бір шымшым
- Жас розмарин ½ ас қасық
- Ақжелкен 2 шай қасық
- Жас сарымсақ 4 тісше
Дайындау:
- Жас көк шөп пен сарымсақты ұсақтаңыз, лимон мен лаймның шырыны мен үгітілген қабығын қосып, тұз бен бұрыш себіңіз, араластырыңыз. Сондай-ақ цитрус қабығынан басқа барлық ингредиенттерді блендерде ұсақтауға болады — қабығын соңында қосқан жөн.
- Сүбені дайындалған маринадқа салып, кем дегенде 2 сағат, жақсысы түні бойы маринадтаңыз. Пісірер алдында етті тоңазытқыштан шығарып, бөлме температурасына дейін жылынуына мүмкіндік беріңіз.
- Пергамент қағазы төселген пісіру табағына қойып, тұмшапешке салыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Сарымсақ-шөп маринадындағы тауық еті