Шөптер мен пісірілген көкөністер қосылған ет түйірлері

  • 45 min
  • All in 1
AI AI

6 сыбағаға арналған ингредиенттер:

Фрикаделькалар

  • Шошқа сан етінен тартылған фарш 600 г
  • Тұз 2 шай қасық
  • Бұрыш ½ шай қасық
  • Бас пияз 100 г
  • Шөптер қоспасы (орегано, тимьян) 1,5 шай қасық
  • Жұмыртқа 1 дана
  • Кептірілген нан ұнтағы 32 г
  • Сарымсақ 1 тісше
  • Тәтті паприка 2 шай қасық
  • Ақжелкен 1 шағын бау
  • Кептірілген қызанақ 60 г
  • Тұздық:
  • Ұсақталған қызанақ 400г / 1 банка
  • Бас пияз 120 г
  • Сарымсақ 1 тісше
  • Тәтті паприка 1 шай қасық
  • Тұз ½ шай қасық
  • Бұрыш ⅓ шай қасық
  • Қызанақ езбесі 200 мл
  • Қант 1 шай қасық
  • Кептірілген қызанақтың майы 4 ас қасық

Қарақұмық жармасы

  • Қарақұмық жармасы 250 г
  • Тұз 1 шай қасық
  • Сары май 20 г
  • Ыстық су 500 мл

Буда пісірілген көкөністер

  • Мини-сәбіз 200 г
  • Түсті қырыққабат 400 г
  • Тұз 1 шай қасық
  • Қант 1 шай қасық
  • Су (қайнаған) 150 мл

Дайындау:

Фрикаделькалар

  • Тартылған етке тұз бен бұрыш сеуіп, жұмыртқа, туралған пияз, ұсақталған кептірілген қызанақ, кептірілген нан ұнтағы, туралған сарымсақ пен ақжелкенді қосыңыз. Барлық ингредиенттерді біркелкі масса алынғанша араластырыңыз. Тефтелилер жасаңыз.
  • Тұздықты дайындаңыз: Пияз бен сарымсақты текшелеп турап, кептірілген қызанақтың майына қуырыңыз, сәлден кейін консервіленген қызанақты қосып, қызанақ езбесіне тұз, бұрыш, паприка және қант себіңіз. Бірнеше минут бұқтырыңыз.
  • Тұздықты ыстыққа төзімді қалыпқа құйып, бетін жаппастан фрикаделькаларды салыңыз.
  • Тұмшапешке тордың үстіне қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес бұқтырыңыз.

Қарақұмық жармасы

Жарманы ыстыққа төзімді қалыпқа салып, тұз, сары май және ыстық су қосыңыз. Қалыптың бетін қақпақпен немесе фольгамен жабыңыз.

Тұмшапештегі терең пісіру табағына қойыңыз және дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес бұқтырыңыз.

Буда пісірілген көкөністер

  • Көкөністерді ұсақтап турап, пісіруге арналған қалыпқа салыңыз, тұз, қант және қайнаған су қосыңыз.
  • Қақпағын жауып, тұмшапештегі жалпақ пісіру табағына қойыңыз да, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.

Аспаздың ұсынысы:

Кезеңдер арасындағы қысқа үзілістерге байланысты барлық ингредиенттерді пісіруді бастамас бұрын алдын ала дайындап қойыңыз.

Бұл рецептті қалай бағалайсыз? Пікіріңізбен бөлісіңіз!

Пікіріңіздің арқасында рецепттерімізді үнемі жетілдіре аламыз.

Рецептте нені жақсартуға болатынын айтыңыз!

Пікіріңізге рақмет!

Пікіріңізге рақмет, асыңыз дәмді болсын!