Тофу мен батат қосылған масала майы

  • 50 min
  • All in 1
AI AI

6 сыбағаға арналған ингредиенттер:

Майлы масала

  • Тофу 360 г
  • Тұз 1 шай қасық
  • Бұрыш ½ шай қасық
  • Зәйтүн майы 5 ас қасық
  • Ащы чили бұрышы 20 г
  • Ысталған паприка 1 шай қасық
  • Карри 3 шай қасық
  • Ұнтақталған кориандр 2 шай қасық
  • Гарам масала 2 шай қасық
  • Зімбір 25 г
  • Сарымсақ 3 тісше
  • Пияз 150 г / 1 дана
  • Сары май 200 г
  • Батат (тәтті картоп) 250 г
  • Кокос сүті 400 мл / 1 банка
  • Консервіленген туралған қызанақ 400 г / 1 банка

Күріш

  • Күріш 250 г
  • Су 500 мл
  • Тұз 1 шай қасық

Асқабақ

  • Асқабақ 500 г / 6 тілім
  • Карри 1 шай қасық
  • Гарам масала 1 шай қасық
  • Ысталған паприка 1 шай қасық
  • Тұз бір шымшым
  • Бұрыш бір шымшым
  • Зәйтүн майы 2 ас қасық

Дайындау:

Майлы масала

  • Пиязды текшелеп тураңыз, сарымсақ, чили бұрышы мен зімбірді майдалаңыз.
  • Кәстрөлге өсімдік майын құйып, қыздырыңыз. Сәлден кейін сары майды қосыңыз да, ол еріген кезде пиязды салыңыз. Бірнеше минуттан соң туралған чили бұрышын, зімбір мен сарымсақты салыңыз. 2-3 минуттан кейін қызанақты, кокос сүтін және текшелеп туралған бататты қосыңыз. Баяу отта шамамен 5 минут қайнатыңыз.
  • Содан соң оттан алып, барлық дәмдеуіштер мен ірі текшелеп кесілген тофуды қосыңыз. Барлық құрамдастарды араластырыңыз.
  • Қоспаны ыстыққа төзімді қалыпқа құйып, тұмшапештегі торға қойыңыз да, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.

Күріш

  • Күрішті кәстрөлге салып, ыстық су құйыңыз және тұз қосыңыз.
  • Тұмшапештегі терең пісіру табағына қойып, дисплейдегі нұсқаулық бойынша дайындаңыз.

Асқабақ

  • Асқабақты аршып, тілімдеп кесіңіз, дәмдеуіштер сеуіп, ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз.
  • Тұмшапештегі жалпақ пісіру табағына қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.

Аспаздың ұсынысы:

Кезеңдер арасындағы қысқа үзілістерге байланысты барлық ингредиенттерді пісіруді бастамас бұрын алдын ала дайындап қойыңыз.

Бұл рецептті қалай бағалайсыз? Пікіріңізбен бөлісіңіз!

Пікіріңіздің арқасында рецепттерімізді үнемі жетілдіре аламыз.

Рецептте нені жақсартуға болатынын айтыңыз!

Пікіріңізге рақмет!

Пікіріңізге рақмет, асыңыз дәмді болсын!