Ингредиенттер:
- Шошқа сүбесі 500 г
- Тұз ½ шай қасық
- Бұрыш ½ шай қасық
- Розмарин ½ шай қасық
- Ұсақталған сарымсақ ½ шай қасық
- Зәйтүн майы 4 ас қасық
Дайындау:
- Сүбені қағаз сүлгімен құрғатып, зәйтүн майын жағыңыз, тұз, розмарин және бұрыш себіңіз де, ұсақ туралған сарымсақты ысқылап жағыңыз. Тағамдық үлдірге орап, түні бойы тоңазытқышқа салып қойыңыз.
- Келесі күні етті тоңазытқыштан шығарып, үлдірді алып тастаңыз және ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз. Ет бөлме температурасына дейін жылынуы үшін шамамен 1 сағатқа қалдырыңыз. Содан кейін еттің ⅓ биіктігіне дейін су құйып, қақпағын жабыңыз.
- Тұмшапешке қойып, дисплейдегі нұсқаулыққа сәйкес пісіріңіз.
Үйде дайындалған шошқа етінен ветчина